15
ақпан
2024
Бекетов Қайрат Елтайұлы
«Боралдай жалпы орта мектебі» КММ директоры
Қайрат Елтайұлы Бекетовтың өмірбаяны
Бекетов Қайрат Елтайұлы- 28 шілде 1961 жылы бұрынғы Чимкент облысы, Алғабас ауданында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. 1985 жылы Шымкент қаласындағы Шымкент педагогика институтының «тарих және педагогика» мамандығы бойынша аяқтап шықты.
Еңбек жолын 1978-1979 жылы аралығында Чимкент облысы, Алғабас ауданы, Чаян селосында №254 жол-эксплутациялық учаскесінде жұмыс жасаған.
1985 жылдан бастап Чимкент облысы, Алғабас ауданы Алмалық селосында тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарған;
1986-1992 жыл аралығында С.Ерубаев атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі қызметін атқарған;
1993 жылдың қаңтар айынан бастап-Чимкент облысы, Алғабас ауданы, XXII-партсъезд ауылындағы Боралдай орта мектебіне директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары болып ауыстырылды.
1993жыл-2008 жылдар аралығында Боралдай жалпы орта мектебінің оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарса, 2009 жылдан бастап «Боралдай жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарып келеді.
Марапаттары:
- «Құрмет грамотасы»- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ж.Түймебаев, 11.07.2007ж. – Астана,2007ж.
- «Құрмет грамотасы»- Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы. Түркістан 2021ж.
Бекетов Қайрат Елтайұлы- отбасында үлгілі, өнегелі әке. Отбасында
3 ұл, 1 қызды тәрбиелеп өсіріп, балалары түрлі салаларда еңбек етуде. Осы уақытқа дейін оқушыларға оқу-тәрбие беруде барлық күш-жігерін педагогика саласына арнаған.
3 ұл, 1 қызды тәрбиелеп өсіріп, балалары түрлі салаларда еңбек етуде. Осы уақытқа дейін оқушыларға оқу-тәрбие беруде барлық күш-жігерін педагогика саласына арнаған.